4 қазандағы ауа райына болжам

Гидрометеорологтардың мәліметінше, Жамбыл, Түркістан облыстарында, күндіз және таңертең Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде және таңертең кей аудандарда тұман түсуі мүмкін.

Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Қызылорда, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтобе, Қарағанды  облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі бар.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» мамандары 4-6 қазан күндері Еділ бойынан суық әрі ылғал ауа массалары келіп, соның әсерінен еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауатынын және температураның төмендейтінін хабарлаған еді.