Мұхтар Әблязовтың соты Жамбыл облысында өтеді

Мұхтар Әблязовқа қатысты іс Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық-процестік кодекстің 304-бабына сәйкес, 2018 жылдың 2 қазанында Мұхтар Әблязовтың Қылмыстық кодекстің (1997 жылдың 16 шілдесіндегі редакциясы) 28-бабының 3-бөлігі бойынша, 96-баптың 2-бөлігі «ж», «з»  пункттері бойынша сотқа тартылғанын хабарлайды, — делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Айта кетейік, Мұхтар Әблязов «Банк ТұранАлем» АҚ экс-төрағасы Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр. Сонымен қатар ол бұл қылмысты жасау кезінде Мұратхан Тоқмәдимен алдын ала сөз байласқан деген күдік те бар екені айтылған еді. Мұхтар Әблязов Ержан Тәтішевтің өлімі үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін Франция соты 2014 жылдың 9 қаңтарында БТА банктің бұрынғы басшысын экстрадициялау туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл үкім Ресей мен Украина тарапының экстрадиция бойынша салған сұрауларына байланысты шығарылды. Бір аптадан соң Мұхтар Әблязов соттың бұл қаулысымен келіспейтінін білдіріп, екі рет жоғары инстанцияға шағымданған. Ал қазақстандық БАҚ беттерінде ҚР Бас прокуратурасы тарапының Мұхтар Әблязовты отанына қайтарып алуға тырысатыны бірнеше рет жазылды.

ДереккөзTengrinews.kz