Қазақстан аумағына жаңбыр мен қарасуық келе жатыр

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, 4-6 қазан күндері Қазақстан аумағына Еділ бойынан жаңбыр келеді.

Үлкен антициклон Қазақстаннан кетеді. Ал республиканың батыс облыстарына атмосфералық фронттармен кезекті күзгі суық пен ылғал ауа массасы басып кіреді. Қазақстан арқылы шығыс бағытта жылжып отырып суық фронттар бірінші батыс, ал 6 қазанда солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда жаңбырға және температураның төмендеуіне себеп болады, — делінген синоптиктердің хабарламасында.

Мамандардың мәліметінше, бұл күндері Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашынсыз ала бұлтты ауа райы қалыптасып, температура жоғарылайды.