Алдағы күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді

«Қазгидромет» РМК мамандары 2-4 қазанға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері климаттық нормадан 4-7 градусқа жоғары ауа температурасын — нормадан тыс жылылықты ұстап тұрған антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне жылжыды. Алдағы екі тәулікте Қазақстан арқылы суық атмосфералық фронттар өтпек.

Соның әсерінен 2 қазанда республиканың солтүстік және орталық облыстарында, 2-3 қазанда оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде кей жерлерде жаңбыр жауады. Фронттардың артынан республиканың батыс облыстарына қатқаққа себеп болатын кезекті антициклон жылжи бастады.

Кейінгі тәуліктерде антициклон шығысқа ауысады, ол Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасының 5 градусқа дейін төмендеуіне себеп болады.