Жел мен жаңбыр: 1 қазанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мамандары бүгін Қазақстан аймақтарында болатын ерекше метеорологиялық құбылыстар туралы болжамын ұсынады.

Мамандардың мәліметінше, 1 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнайды. Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, солтүстік-батыста және шығыста тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, екпіні 23 метрге дейін күшейеді. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді. Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде де 15-20 м/с жел соғады, Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында дала өрті қаупі күшті болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да