Басты бет / Жаңалықтар /
Ауа райы
Фото: Politeka.net

28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронттар шығыс бағытта жылжи отырып, еліміздің солтүстік-батыс, солтүстігіне әсер етеді, соған байланысты осы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Қазақстанның басқа аймақтарында күн жауын-шашынсыз болады.

Акмола, Солтүстік Қазақстан облысының кей аймақтарында 15-20 м/с жел соғады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с-қа дейін артады.

Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, күндіз Павлодар, Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с-қа артады. Павлодар, Ақтөбе облысының кей жеріне тұман түсуі мүмкін.

Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймағына тұман түседі. Қызылорда облысының кей өңірінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып,  шаңды дауыл болуы мүмкін.

Түркістан облысында, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе,  Қарағанды, Алматы облысының кей жерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз