Алдағы тәуліктерде еліміздің солтүстігі мен орталығында салқын болады

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 27-29 қыркүйек күндері оңтүстік пен шығыста күн жылы болып, солтүстік және орталық өңірлерде температура төмендейді.

Батыс облыстарда жаңбыр туғызған атмосфералық фронттар шығыс бағытында жылжи отырып, көбінесе республиканың солтүстік облыстарында жаңбыр туғызады. Қазақстанның қалған аймақтарындағы ауа райы жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады. Сондықтан бұл өңірлерде айтарлықтай жауын-шашынсыз, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста температураның жоғарылауы, ал солтүстік және орталық облыстарда кішігірім суыту болжанады, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер батыс және солтүстік-батыс облыстардың кей жерлерінде күн күркіреп, жаңбыр жауатынын және батыстан екпінді жел соғатынын хабарлаған еді. 26-27 қыркүйек күндері Қазақстанның қалған аумағында күн ашық, ал ауа температурасы осы кезеңге тән климаттық нормадан жоғары болады.