Жаңарған Сайран. Алматы әкімі көл маңын одан әрі көріктендіруді тапсырды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Сайран көлінің айналасын аралап көріп, төңіректі абаттандыруды келер жылы да жалғастыруды тапсырды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында қалаларды «ақылды қалалар» туралы жазған еді.

Қазіргі әлем қалалық инфрақұрылымға жоғары талаптар қоюда. Ірі қалаларда көлік логистикасы, техникалық және әлеуметтік қалалық инфрақұрылым, қала ортасының сапасы, қаланың дамуын басқару тиімділігі, қаладағы халық санының көбеюін ескере отырып, қоғамдық, іскерлік және тұрғын кеңістігін дамыту проблемалары бар, — делінген «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында .

Биыл суқойманың батыс бөлігінің беткейлері реттелді, сатылы түсу жолы жөнделді, 7 гектар жер газондалды. Жарық көздері орнатылып, асфальт төселді, балалар және спорт алаңдары көріктендірілді.

Сайран көлінің маңы
Сайран көлінің маңы. Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Көлдің шығыс бөлігіне де жаңадан 130 жарық бағанасы орнатылды, воркаут-алаңы мен жағалау волейболының алаңы көріктендірілді. Жүгіру мен велосипед тебуге арналған 5 шақырым жол жасалды.

Бауыржан Байбек аудан әкімдіктеріне көлге жақын аумақтарды одан әрі көріктендіруді, спорт және балалар алаңдарының санын көбейтуді тапсырды.

Сайран көлінің маңы
Сайран көлінің маңы. Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Жалпы Алматыда биыл 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаңарды. 300 шақырым арық салынды, 800 шақырым инженерлік желі тартылды. Қаланың барлық жерасты өтпелі жолы жаңарды. Жыл аяғына дейін барлық көше жарығының үштен бірі жарықдиодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.

Сайран көлінің маңы
Сайран көлінің маңы. Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, тамыз айының соңында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Қала көліктер емес, адамдар үшін» принципін жүзеге асыра отырып, қоғамда жайлылық пен қауіпсіздік орнату жұмысы қолға алынғанын айтқан еді. Әкімнің айтуынша, ашық, жайлы және қауіпсіз орта адамды тілдесуге, қайырымдылыққа, шығармашылыққа үндейді, оның позитив әрекет жасауына түрткі болады.