Гүлшара Әбдіқалықова
Гүлшара Әбдіқалықова. Фото: Akorda.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан делегациясының құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.

Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Әлем. XXI ғасыр” манифесіндегі: “Өткен ғасырлардың қасіретті қателерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін үкіметтердің, саясаткерлердің, ғалымдардың, бизнесмендердің, өнер қайраткерлерінің және бүкіл әлемдегі миллиондаған адамның күш-жігерін жұмылдыру қажет” деген сөзіне назар аударды.

Мемлекеттік хатшы тұрақты және әділетті қоғам құру үшін әйелдер экономика өмірінің барлық саласына толыққанды атсалысуы қажет екенін атап өтті.

Бүгінде біздің еліміз Орталық Азия мен Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөліп отыр. Біз Тәжікстан мен Қырғызстандағы қақтығыстарды жоюға атсалыстық, Иран мен Сирия жөніндегі келіссөздер үшін алаң ұсындық, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Форум аясында Мемлекеттік хатшы “БҰҰ-әйелдер” ұйымының атқарушы директоры, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фумзиле Мламбо-Нгкукамен және “Әйелдер жиырмалығының” (W20) негізін қалаушы әрі президенті Гюльден Тюрктанмен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулерде өзекті әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық проблемалар, сонымен қатар бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатымен әйелдердің мүмкіндігін одан әрі арттыру, халықаралық және өңірлік бастамалар көтерудегі рөлін күшейту мәселелері талқыланды.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!