20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Оңтүстікте жел күшейіп, шаңды дауыл болады. Республиканың солтүстігі мен шығысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында жел 15-22 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Солтүстік  Қазақстан,  Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін артады, бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман басуы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін артып, шаңды дауыл тұрады. Алматы облысы Алакөл көлі аймағында 15-20 м/с жел соғады, екпіні секундына 25 метрге жетуі мүмкін.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, шаңды дауыл болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дала өрті болуы мүмкін.