Марат Иғалиев Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Марат Иғалиев Ақмола облысы әкімінің туризм, индустрияландыру, кәсіпкерлік мәселелері бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Марат Иғалиев 1974 жылғы 31 тамызда Атырау облысында туған. «Тарих және география пәні мұғалімі» мамандығы бойынша Ақтөбе педагогикалық институтын (1991), «Мемлекеттік қызмет менеджері» мамандығы бойынша ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын (1999), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын үздік аяқтады, саясат ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Қауіпсіздік кеңесі Аналитикалық орталығының сарапшысы болып бастады. 2001 жылдан бастап банк саласында жұмыс атқарды. 2003 жылдан бастап Ақтөбе облысы әкімінің аппараты басшысы, «Атамекен» Жалпыұлттық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы баспасөз қызметінің басшысы, Президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сарапшысы және бас инспекторы, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс атқарды.

Марат Иғалиев 2009 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты хатшылығының сарапшысы, ақпарат және талдау департаментінің директоры, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесші — баспасөз хатшысы, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі әкімшілік-кадр жұмысы департаментінің директоры, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып еңбек етті.  Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облысы әкімінің туризм жөніндегі кеңесшісі болды.

ДереккөзInform.kz