Тұмау
©Likar.info

Маусымдық жұқпалы аурулардың осы кезеңінде Қазақстанға тұмау вирусының екі жаңа штамы келуі мүмкін. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Оның айтуынша, егер былтыр Қазақстанда тұмаудың үш типі – “Мичиган”, “Гонконг” және “Брисбен” тұмауы болса, биыл ел аумағына вирустың тағы екі жаңа типі келуі мүмкін.

Биыл жағдай өзгеріп отыр, “Мичиганға” “Сингапур” мен “Колорадо” қосылады. Бұл топтан анағұрлым қауіптісі – “А” типі, оған қарсы иммунитет жоқтың қасы, – деді бас санитар дәрігер.

Дегенмен Жандарбек Бекшин басқаратын ведомство вирустың бұл типіне қарсы иммунитет қазақстандықтардың 20%-ында ғана барын анықтаған. Тұмаудың бұл түрінен сақтанудың бір жолы, бас санитардың айтуынша – иммунитетті нығайту мен вакцинация. Биыл тұмауға қарсы егу 1 қазанда басталады. Қазіргі уақытта елімізге вакцинаның 1,5 миллион дозасы әкелінген, оған 1 миллиард 200 миллион теңге жұмсалды.

Халықтың қалған бөлігін тұмауға қарсы егумен ақылы медициналық пункттер айналысады. Олар туралы ақпарат аумақтық денсаулық сақтау басқармалары мен қоғамдық денсаулық сақтау департаменттерінің сайтына орналастырылады.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!