Әлемді әуреге салған тұмау: «H3N2 түсіндегі тұмау вирусы» қаншалықты қауіпті?

Әдетте қыс айлары кірісімен тұмаудың бірнеше түрлері пайда болады да, А түріндегі тұмаулармен бастапқы уақытта балалар мен жасы егделеген кісілерге көбірек жұғады. Өзге тұмаулардан қалыпты адамдар арнайы дәрілердің көмегінсіз айығып кетіп жатады. Ал бірі «аустралия тұмауы», енді бірі «гонконг тұмауы» деп атап кеткен тұмау түріне шалдыққан науқас дер кезінде дәрігерге қаралмаса, өліп кетуі де мүмкін дейді мамандар.

Сонымен ұзаққа созылатын бұл дерттің алғашқы белгісі қандай? Тұмаудың алдын алу үшін не істеу керек? «H3N2 түсіндегі тұмау вирусы» қаншалықты қауіпті?

Тұмау
©istockphoto.com

H3N2 тұмауының белгілері:

  • Бас ауырады;
  • Денеқызу көтеріледі, әдетте 38 С°-тан жоғары болады;
  • Адам дірілдеп, қалтырайбастайды;
  • Арқа мен бел ауырады;
  • Қолмен аяқ сүйектері сырқырайды;
  • Мұрынмен тамақ бітеледі;
  • Көз жасаурайды;
  • Шаршау және әлсіздік байқалады;
  • Құрғақ жөтел пайда болады.

Тұмауға қарсы шаралар:

Әр жылы тарайтын немесе белсенділік көрсеткен тұмау түрлері бірдей болмайды. Әлем елдерінің денсаулық сақтау тараулары жылдың әр мезгіліндегі белсенділік танытқан тұмауларға қарсы вакциналар дайындайды. «H3N2 тұмауы» әдетте бір адамнан екінші адамға тез жұғады. Жұғу ықтималдығы бастапқы бес күнде ең күшті болады. Ол және жөтелу мен түшкіру кезінде ауа арқылы тарайды.

  • Қолды және бет-ауызды тазалап, сабынмен жиі жуып тұру керек;
  • Арнайы медициналық маска пайдаланып жүру қажет;
  • Жөтелгенде немесе түшкіргенде бет орамал немесе майлық қағаз пайдаланған абзал;
  • Оксалин майын жағып, жеміс-жидектерді жиі пайдаланған дұрыс;
  • Үйдің ауасын тазартып тұру керек.
Тұмау
©likar.info

Қауіптілігі қандай?

2017 жылы Аустралияда бұл тұмаудың таралуы соңғы он жылдағы ең жоғары деңгейге жетсе, соңғы бір айда әлемнің өзге елдерінде H3N2 тұмауының таралуы күшейе түскен. Дәрігерлер Гонконг тұмауының атауы алғаш таралу жеріне байланысты дейді. Әдеттегі тұмау мен Гонконг тұмауының таралуында аса айырмашылық жоқ. Ауа арқылы да, қарым-қатынас арқылы да жұқтыру қиын емес. Ал Гонконг тұмауының дендеуі күн райының жиі ауысуы мен иммунитеттің әлсіреуінен екен.

Елімізде тұмауды жұқтырғандардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артқан. Естеріңізге сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, эпидемиялогиялық маусымда А (H1N1), A (H3N2) және B үлгідегі вирустар ушығады  деп хабарланған болатын.