Менингит ауруының беті қайтты — Мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы — ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.

«Аурудың беті қайтты. 17-ші апта шарықтау шегі болды, бұл кезде республикада бір аптада — 15, Алматы қаласының өзінде 13 адам тіркелді. Сол шарықтау шегінен өттік. Бүгін қуанып отырмыз, Алматыда төрт тәуліктен бері менингококтық инфекциямен келіп тіркелген ешкім жоқ», — деді ол.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгінгі таңда республика бойынша 24, Алматыда 12 науқас емделіп жатыр.

«Алматыдағыларды ауруханадан шығарып жатырмыз, 14 науқас емделіп шықты, осының өзі аурудың беті қайтқанын көрсетеді», — дейді бас санитар.

Менингит ауруы қайдан шықты және алдын алу жолдары қандай?
Менингит туралы сенуге болмайтын 9 аңыз
Қызылордада менингитке шалдыққан азамат көз жұмды
4 мынан астам адам менингитке қарсы антибиотик алып жатыр
Дереккөзkazinform.kz