7 қыркүйекте еліміздің көп бөлігінде күн ашық болады

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 7 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал етеді, сондықтан  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің солтүстігінде және орталық аумағында төмен қысым әсерінен аздаған жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел соғады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 17-22 м/с-қа жетеді. Қызылорда, Түркістан облыстарында да күн желді болады, Кызылорда облысында шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде ыстықтың әсерінен дала өрті қаупі күшейеді.