Басты бет / Жаңалықтар /
d3287cf41ffe9374805ca2cb3c7942cc Үлгілі лицей 15 жылда тұңғыш рет жеке ғимаратқа ие болды
Фото: Аstkizbil.edupage.org

Үлгілі лицей 15 жылда тұңғыш рет жеке ғимаратқа ие болды

Астанада дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицейіне ғимарат берілді. Білім мекемесі 15 жылдан бері жеке ғимаратсыз қызмет етіп келген.

Астана әкімдігінің мәліметінше, «Білім-инновация» лицейінің оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық пән олимпиадаларында жүлделі орындарды иеленіп келеді. Лицейге оқуға түсу конкурсының талабы жоғары. Бір орынға 20 адамнан келеді.

Елорда басшысы Әсет Исекешев 188-көшеде жақында ғана бой көтерген мектепті дарынды қыздарға арналған «Білім-инновация» лицейіне беруді ұйғарды. Алдағы уақытта лицей 5-сыныптан бастап оқыту үшін балаларды көп қабылдамақ. Жаңа ғимарат дер кезінде беріліп отыр.

Әсет Исекешев өзінің орынбасары Қосман Аймұхаметовке мектепті кірме жолмен қамтамасыз етуді, 188-көшеде жол құрылысын жеделдетуді тапсырды. Мектеп ауласы 25 тамызға дейін абаттандырылып бітуі керек.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram

Мақалаға пікір қосыңыз