Бердібек Сапарбаев
nur.kz

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев баспасөз өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Қазақстанның Конституциясына сәйкес Қазақстан азаматы еліміздің түкпір-түкпіріне барып жұмыс істеуге құқығы бар. Енді біздің өңірдегі болып жатқан кадрлық өзгерістерге келер болсақ, өздеріңіз білесіздер, келген кезде, одан кейін де барлық басшыға айтып, талап қойдым. Жұмыс істейсіз, менің тағар кінәм болмайды. Жұмыс істемейсің, жұмыстан босатамын. Мен жігіттерге 9 ай уақыт бердім. Көбі тапсырманы орындаған жоқ. Сондықтан кейбіреулері орындарынан кетті. Мысалы, аудан, тіпті қала әкімі ауысты. Басқарма басшылары кетті», – дейді Бердібек Сапарбаев.

Әлеуметтік желі мен ақпараттық порталдарды оқып, ондағы жаңалықтарды тексеретін өңір басшысы кейбір қолданушылардың ренішін де біліп отыр. Ақтөбеліктердің кейбірі еш өзгеріс болмай, аудан әкімдерінің тек өзара орын ауыстырғанына қынжылған.

«Кейбірі әкімді алып тастауы керек еді деп айтқан. Қазір «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, әкім тағайындау үшін олар «А» корпусында болуы керек. Өкінішке қарай, облыста «А» корпусында 4 адам бар. Олардың ішінде әкім болатын ешкім жоқ. Шалқар, Темір аудандары әкімдерінің кемшіліктері бар. Тағы бір мүмкіндік берілді», – дейді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев өз қызмет жолында «шенінен» айрылған шенеунікті жұмыссыз қалдырмағанын жеткізді.

«Мен еш уақытта жұмыстан босаған кісіні жұмыссыз қалдырмаймын. Өзінің деңгейіне қарай жұмыс беремін. «Әкім бола алмайсың, мына жұмысты істейсің» деп айтамын. Егер жұмысынан кеткен адамдар маған қарсы жұмыс істесе, олардың Ақтөбедегі тұрып жатқан халыққа қарсы жұмыс істегені деп білемін», – дейді өңір басшысы.

3 пікір

  1. Мемлекеттік қызыметтің бұрындары қалыптасқан мемлекеттік “мәртебесі мен тәртібін” қайтару керек! Яғный, жоғарғы білімді болуы, партия мүшесі болуы, тілдерді жақсы білуі, сауатты жаза білуі (кейбірі ликбезді ғана бітірсе де) саяси сенімділігі, тәрбиелі отбасының иесі болуы, қызметі “қырағы үйдің” тар табалдырығынан бастап азаптың алпыс белдеуінен өтуі секілді талаптар басқа түрде жандануы керек. Ойлы оқырман мұны, тоталитаризді, немесе “нерушимый союзды” аңсау деп адаспасына кәміл сенімдімін! Мен, кетпен шауып, қой бақпайтын, қыста тоңып – далада жүрмейтін, жазда күнге күйіп – атыз қуаламайтын кәдімгі барлық режимдер мен дәстүрлерге, барлық заманаларға ортақ бейнелі “жұмысшы” – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР туралы айтып отырмын… Кәзір мемлекеттік қызметкер кешегі кейбір жауапсыз жұмысшыға ұқсайды – көшенің мына бетіндегі зауыттан берекесіздігі, олақтығы, ішкіштігі, ұрлығы үшін қуылса, көшенің арғы бетіндегі зауыт оны құшақ жая қарсы алып жұмыс береді, тіптен “завсклад” қылып сайлап жіберуі де бек мүмкін! Мемқызмет кәзір тағыда сол кешегі “советский заводқа” ұқсайды – ол заводтарда 6 адам атқаратын жұмысты, жартымсыз айлыққа қарамай 60 адам ермек қылатын. Басты критерий баға – шырпы 1 тиын, борщ 5 тиын, бір келе тұз 2-3 тиын, кауап-сыра 25 тиын, ем тегін, оқу тегін, жол пұлы 5-3 тиын т.т. Яғыни 60 адамның алтауы бәрін тындырып, қалған 54-і жұмыс орнында карта, дойбы ойнап, “настрониесін” көтеріп, “перекур”-мен әуре боп “сменасын” аяқтауына барлық мүмкіндік бар еді. Кәзір қай конторға барсаң да компьютерге телмірген ақ жағалылар “армиясы”, 2-3 дипломы бар болашақ “президенттер мен директорлар”, бірінің қызметін бірі қайталайтын “иллюзионист” офистер… Ал, осындай ұяда “күшіктеген” қызмет табиғатының перзенттерінен – КОРРУПЦИЯ, РУШЫЛДЫҚ, ҰЛТШЫЛДЫҚ, ТАҚҚҰМАРЛЫҚ дейтін “жиендер” туындап жатпай не істесін?… Бердібек әкім болашақ берекенің бастауында тұруға тиісті басты саланың проблемасын қозғап отыр, өте орынды қозғап отыр, орынды сұрақ тастап отыр!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!