Басты бет / Жаңалықтар /
Алматы қаласы, Алтын адам, ауа райы, ауа сапасы, Тәуелсіздік монументі
Фото: Алматы әкімдігі

39–41 градусқа дейін ыстық: 9 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде 9 шілдеде ыстық ауа райы сақталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, елдің солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз күн райы басым болады. Ал батыс аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.

Ең жоғары ауа температурасы Түркістан мен Қызылорда облыстарында тіркеледі. Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы +39…+41 градусқа дейін көтеріледі. Жезқазған мен Таразда +35…+37 градус, Шымкентте +37…+39 градус, Астана мен Қостанайда +32…+35 градус, Алматыда +31…+33 градус ыстық болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ түсіп, желдің күшеюі күтіледі.

Ал Алматыда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Өскемен, Семей, Тараз, Түркістан және Шымкент қалаларында жел күшейеді.

Синоптиктер тұрғындарға күннің ыстық уақытында ұзақ уақыт далада жүрмеуге, жеткілікті мөлшерде су ішуге және дауылды ауа райы күтілетін өңірлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram