30 тамыз күні ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 30 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Мамандардың мәліметінше, бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және екпінді жел тұрады, орталықта және шығыста бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстік пен орталықтың кей жерлерінде тұман түседі. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз дауыл соғады, жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында жел секундына 22 метрге дейін күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшті болады.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер тамыздың соңғы күндері Қазақстан аумағы арқылы Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан суық атмосфералық фронттар жылжитынын хабарлаған еді. Оның артынан суық және көлемді антициклон тарала бастайды. Сондықтан республиканың көптеген облысында 30-31 тамыз күндері жаңбыр жауады.