Басты бетЖаңалықтарКвота арқылы...

Квота арқылы жоғары технологиялық медициналық қызметтер тегін көрсетіледі

Бөлінген қаражат астаналық медицина қызметкерлерін жылдық қаржыландыру жоспарының 61%-ына тең болды

,-деп мәлімдеді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының тұрғындарды ақпараттандыру бөлімінің бас сарапшысы Гүлзира Жібекенова.

Стационарлық және стационаралмастырушы ЖТМҚ пациенттер үшін жергілікті және республикалық деңгейдегі медициналық мекемелерде ұсынылатын қызметтер кепілдендірілген тегін медициналық қызметтер көлеміне кіреді. Егер адам сырқаттанып қалса, бағасы жоғары технологиялық диагностика мен емді тұрғылықты жеріне қарамастан мемлекет есебінен ала алады.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қатарна күрделі есту қабілетін жақсартатын операциялар, кохлеарлы имплантация, трансплантологиялық операциялар, лапароскопиялық және микрохирургиялық операциялар, буындарды алмастыру, кардиохирургиялық операциялар жатады,

— дейді ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары А.Амангелдиев.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсетуге жолдаманы жергілікті деңгейдегі емхананың немесе аурухананың маманы береді. Жолдама госпитализациялар бюросының порталында науқастың таңдаған медициналық ұйымын есепке ала отырып тіркеледі. Егер де жергілікті жерде  ЖТМҚ-мен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса, онда науқасты жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу мәселесін республикалық деңгейдегі комиссия қарастырады.

Квота алу үшін науқас алдымен тұрғылықты жеріндегі учаскелік дәрігерге жүгінуі керек. Содан кейін ол салалық мамандардың қабылдануына барады. Консультация мен сараптамадан өткеннен кейін пациент нұсқау бойынша стационарлық емге жіберіледі. Науқастың жолдамасы порталға тіркеледі, науқасты ауруханаға жатқызу күні қосымша хабарланады.