28 тамыз күнгі ауа райы болжамы: еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады

«Қазгидромет» 28 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел тұрады, орталық пен шығыста бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің солтүстігі мен орталығының кей жерлерінде тұман түседі. Қазақстанның батысында күн жауын-шашынсыз болады. Қарағанды облысында арагідік жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде де жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында дала өрті қаупі күшті болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда күзгі суық басталатынын хабарлаған еді.