Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

14 тамыз күнгі ауа райы: жаңбыр мен дауыл

©Еgemen.kz

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты кей жерлерде жел соғып, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, найзағай, бұршақ және тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында дауыл болады.

Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетіп, найзағай ойнайды, дауыл болады.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстарында да тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, Түркістан облысында шаңды дауыл көтеріледі.

Атырау, күндіз Маңғыстау облыстарында найзағай болады.

Қызылорда, Түркістан, кей жерлерде Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *