10 тамыз күнгі ауа райы: 7 облыста қатты ыстық болады

«Қазгидромет» мамандары 10 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын хабарлайды.

Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауыл соғады, желдің екпіні 15-25 м/с болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысы, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында да күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады. «Қазгидромет» РМК Түркістан облысында ауа температурасы 41 градусқа дейін жетеді деген ескерту жариялады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында дала өрті қаупі күшті болады.