9 тамыз күні ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 9 тамызда Қазақстан аумағында ауа райы тағы да құбылмалы болатынын хабарлайды. Кей жерлерде найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді. Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл cоғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, жел найзағай кезінде 15-20 м/с-қа күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшті болады.