Мүгедектігі бар қанша талапкер білім грантын иеленді?

І, ІІ топтағы және бала кезінен мүгедектігі бар 226 қазақстандық мемлекеттік білім гранттарын иеленді.

Univision.kz сайтында жарияланған тізімге қарағанда грант иегерлерінің ҰБТ бойынша алған орташа көрсеткіші — 81 балл.

Талапкерлердің бұл санаты бойынша гуманитарлық бағыттағы мамандықтарға ең көп грант — 96 орын бөлінген, шығармашылық бағыттағы мамандықтарға 3 грант бөлініпті. Бұл 3 грантты иеленгендер ҰБТ-дан 112-114 балл алған.

Шығармашылық ғылымдар мен технологиялар бағыты бойынша 40 грант бөлінген. Медицина мамандығы бойынша мүгедектігі бар 21 адам грант иеленді.

Биыл жоғары білім алуға барлығы 53 594 грант бөлінді. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына барлығы 75 430 адам қатысқан. Грант иеленгендердің 862-сі — шетелдегі қазақ диаспорасының өкілі.

ДереккөзZakon.kz