25 балл алған талапкер грант иегері атанды

2018 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын шетелдегі қазақ диаспорасының 862 өкілі алды.

Қазақстанда білім алмақ болған этникалық қазақтар иеленген ең жоғары балл — 133, мұндай көрсеткішке екі талапкер қол жеткізген. Олар «Жалпы медицина» және «Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты ұйымдастыру» мамандықтары бойынша білім алады.

Шетелдегі қазақ диаспорасы арасынан грант конкурсына қатысқандардың ең төменгі балы — 25 және 26. 25 балл жинаған түлек «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алады. 26 балл алған талапкер «Мектепке дейінгі оқыту» мамандығын таңдаған. Грант иеленгендердің қатарында 27, 29, 31 және 33 балл жинағандар да бар. 132, 129 және 128 балл алған бірнеше түлек тіс дәрігері мамандығын таңдап отыр. Қазақ диаспорасына бөлінген квота бойынша жоғары балл алған талапкерлердің бірқатары «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер», «Авиация техникасы және технологиялар» мамандықтары мамандықтары бойынша оқуға түсіп отыр.

Еске салайық, бүгін, 6 тамызда мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды.

ДереккөзTengrinews.kz