Kazpravda.kz мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін жария етті. 2018-2019 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімін мына сілтемелерден жүктеп ала аласыз:
Яндекс диск — тен жүктеу
Google drive — тан жүктеу
Облако@mail.ru — дан жүктеу
Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 75 430 адам қатысқан, оның 60 327-сі қазақ тілінде, 14 810 адам орыс тілінде, 293 адам ағылшын тілінде білім алуға өтініш білдірген.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл мемлекеттік тапсырыс көлемі 20 мың грантқа көбейген. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтарға, әсіресе, ақпараттық технологиялар, робот техникасы, нанотехнологиялар саласы бойынша маман даярлауға бағытталды. 5000 грант нарыққа қажет басқа да мамандықтарға, тағы 3000-ы магистратураға, 1000-ы PhD доктор даярлауға бөлінген.
Сөйтіп, жоғары білім алуға грант саны 53 594-ке дейін көбейіп отыр. Көрсетілген басымдықтарды ескере отырып, гранттың негізгі бөлігін техникалық және технологиялық мамандықтарға (24 737), 9 499-ын педагогикалық, 2 785 грантты ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтарына, 2 700 грантты медициналық, 1 450 грантты гуманитарлық, 300-ін өнер, 100-ін құқық, 1780-ін әлеуметтік ғылым, экономика мен бизнес, 3 246-сын жаратылыстану, 2 330-ын арнайы қызметтер мамандықтарына бөлу қарастырылды. Әскери іс және қауіпсіздік мамандығына 500 грант бөлінді.