Қандай мамандықтарға көп грант бөлінгені белгілі болды

Биыл жоғары оқу орындарында білім алуға 53 500 мемлекеттік грант бөлінген. Оның 24 мыңы техникалық мамандықтарға, 9 мыңнан астамы педагогикалық, 2 785-сі ауыл шаруашылық және ветеринарлық мамандықтарға беріледі.

2 700 грант медициналық мамандыққа бөлінген. Құқықтану мамандығына ең аз грант беріліп отыр. Қалғаны әлеуметтік-экономикалық, қызмет көрсету, әскери мамандықтарға қарастырылған.

Биыл мемлекеттік білім гранты конкурсына 75 мың түлек өтініш берген.

«Мектеп бітірген түлектердің 75 мыңы оқуға түсетіндей шектік балл жинады. Бұл -былтырға қарағанда жоғары көрсеткіш. Былтыр көп түлек оқу үшін сыртқа кетіп еді. Қазір Қазақстанда оқимыз дегендердің саны өсті. Биыл қазақ мектебін бітіргендердің қатары өскен. Бұрын мемлекеттік грантқа өтініш беретіндер 50 де 50 болса, биыл қазақ мектебін бітірген балалардың 75 пайызы конкурсқа қатысатын болды», — деді ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы Рахман Алшанов.

ДереккөзAstanatv.kz