Нұрсұлтан Назарбаев билік дегеннің не екенін түсіндірді

Қазақстан Президенті телерадиокешенінің Instagram-арнасында Мемлекет басшысының билік туралы айтқан видеосы жарияланды.

«Бір сөзбен жауап беру қиын деп ойлаймын. «Билік дегеніміз не?» деген сұраққа маған дейін небір данышпандар жауап берген. Билік дегеніміз жамандық, ақша да бақытты етпейді, сондықтан да оның ауыртпалығынан құтылып, қарапайым адам болып өмір сүру керек деген. Бақыт дегеніміз сол. Бірақ маңдайына басшы болу, билікті ұстау жазылған біз басқаша ойлауымыз керек. Сол себепті мен оны бірнеше позицияда тұжырымдар едім. Билік — бұл, ең алдымен, жауапкершілік. Лауазым неғұрлым жоғары болса, жауапкершілік те соғұрлым көп болады», — деді Назарбаев.

ДереккөзZakon.kz