«7-20-25» бағдарламасы бойынша 3,6 млрд теңгеге 312 несие берілді

2018 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша 1,1 млрд теңге болатын сомаға несие беру бойынша 104 өтініш қабылданды. Оның ішінде жалпы сомасы 758 млн теңге болатын 70 несие мақұлданды. 20 шілдедегі жағдай бойынша сомасы 5,4 млрд теңге болатын 466 өтініш берілді, жалпы алғанда 3,6 млрд теңгеге 312 несие берілді.

Барлығы 5763 өтініш қарастырылып, сол бойынша кеңес берілді.

7-20-25
©zakon.kz

Айта кетейік, Алматыда осы бағдарлама бойынша кеңес беретін және құжат қабылдайтын 8 мобильді топ құрылған.

Дереккөзzakon.kz