24 шілде: Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Гидрометеорологтардың хабарлауынша, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысында түнде және таңертең тұман болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с артады, бұршақ болуы мүмкін.

Қарағанды, Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең тұман болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында шаңды дауыл тұрады.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.