Қазақстанның сыртқы қарызы 12,8 миллиард доллар

Ұлттық банк төрағасы соңғы уақытта кейбір ақпарат құралдарында «сыртқы қарызға қатысты кейде дұрыс емес мәліметтер берілетінін» айтты. Бұған дейін қазақстандық бірқатар ақпарат құралдары Қазақстанның сыртқы қарызы жекеменшік секторды қосқанда 150 миллиард доллардан асатынын хабарлаған.

Жиында Данияр Ақышев Қазақстандағы инфляция деңгейі мамыр айында 0,5 пайызды құрағанын да айтты. Ол бақылаудағы инфляция деңгейі «көпжылдық трендке сай келеді» дейді. Ол Ұлттық банктің болжамдары инфляция көрсеткіші 2016 жылы 6-8 пайыз аралығында болады деген болжамды растап отырғанын айтады.