Шымкенттің екі ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сессия отырысында депутаттар Қаратау ауданының әкімі лауазымына Қантөреев Исамидин Мұхитдинұлының тағайындалуына келісім берді. Ол 1984 жылы дүниеге келген, заңгер, экономист мамандығында білім алған.

Қызмет жолын 2005 жылы ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Өндірістік және жедел кәсіпорын» ЖШС-де экономист болудан бастаған. 2016 жылдың сәуірінен бүгінге дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келеді.

Сонымен қатар, сессия отырысында депутаттар Әл-Фараби ауданының әкімі лауазымына Мәуленқұлов Ғабит Патшаханұлының тағайындалуына келісім берді. Ғабит Патшаханұлы 1977 жылдың 22 наурызында дүниеге келген. Білімі – жоғары, заңгер.

2016-2018 жылдары Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі лауазымында қызмет атқарды. 2018 жылдың наурызынан бері Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

ДереккөзBaq.kz