Қазақстанда ішкі туризм 4 есеге өседі

«Сіздің тапсырмаңызға орай, Үкімет «Қазақстан туристері ағыны» мемлекеттік жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жобаның 7 басым бағыттар бар. Біздің негізгі мақсатымыз 2023 жылға дейін туризмнің қазіргі экономикадағы үлесін 1,9 пайыздан 8 пайызға дейін ұлғайту», — деді Асқар Мамин Бурабайда Елбасына шаңғы базасын таныстыру кезінде жасаған баяндамасында.

Оның айтуынша бұл көрсеткіш әлемнің озық дамыған мемлекеттерінің деңгейінде. «Қазіргі кезде  құрамына 60-тан астам туристік объектілер кіретін туристификация картасы әзірлену үстінде. Картаға енгізілген жобалар халықаралық алаңдарда дамытылады. Осы топқа кірген 10 туристік жобаны жүзеге асыру үшін инвесторларды тарту қажет-, деді бірінші вице-премьер.

Сонымен қатар, А.Мамин еліміздегі туристер ағымын арттыру бойынша алдағы жоспарлар туралы айтты. «2023 жылға қарай біз ішкі туризмді 500 мың адамнан 2 миллион адамға, яғни, 4  есеге арттыратын боламыз»,- деп сөзін түйді ол.

Дереккөзinform.kz