Атап айтқанда, Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, 15-20 м/с екпінде жел соғады, бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.
Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, 15-20 м/с екпінде жел күтіледі. Қостанай облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Ақмола облысында күндіз бұршақ болуы мүмкін.
Ал Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде өте қатты ыстық болады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Сондай-ақ Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.