The Spirit of Astana фестивалі астанаға оралды

Музыка мен көтеріңкі көңіл-күй мерекесі 6 шілде – Астана күнінде басталып, 8 шілдеге дейін жалғасатын болады. Концерттік үш күн ішінде «Бәйтерек» монументі маңында орнатылған елорданың бас open-air алаңының сахнасында әлемнің жиырмадан астам елінен келген 18 ұжым өнер көрсетеді.

Концерттердің басталу уақыты – сағат 17:00. Кіру тегін.

Фестиваль көрермендері мен қонақтарын әншілердің жанды дауысы мен жоба қатысушыларының елдері туралы интерактивті танымдық фильмдер үйлесім тапқан әсерлі көрініс күтеді. Жиналған жұрт дәстүрлі аспаптардың заманауи технологиялар көмегімен тамаша өңделген сиқырлы үнінің таңғажайып әлеміне саяхаттай алады.

Фестивальді тамақпен ән салушы шеберлер сүйемелдейтін өзбекстандық Abbos ұжымының таңғажайып шоуы ашады.

Қазақстанның намысын Aldaspan этно-рок тобы, тамақпен ән салудың шебері Еділ Хұсаинов пен Satzhan Project, Nariman Issenov, Arsen Superfly, Алёна Лобастова мен Ras Ed диджейлері қорғайды.

Қазақстандықтар сүйіп тыңдайтын танымал түркиялық BaBa ZuLa ұжымы The Spirit of Astana 2018 фестивалі сахнасына алғаш рет шықпақ.

Сонымен қатар, алғаш рет фестиваль сахнасында украиндық The Doox ұжымы өнер көрсетеді. Музыканттар украиндық көне фольклормен электро және рок-мотивтер элементтердің бірегей синтезін ұсынады.

Жапондық Oki Dub Ainu Band тобы елорда тұрғындары мен қонақтарын көне айну халқының бірегей төл мәдениетімен таныстырады.

Африкалық музыка мәдениетін The Spirit of Astana 2018 фестивалі аясында биыл Mamadou Diabate & Percussion Mania және Habib Koité & Bamada ұжымдары паш етеді.

Сонымен қатар, The Spirit of Astana 2018 фестивалінің көрермендері этникалық музыканы тудырушы, ата-баба тарихын, мәдениеті мен Аляска мен Ла Патагонияға дейінгі американдық құрлықтың руханиятын біріктіруші бірегей жоба – этникалық үндістердің өнерін тамашалай алады.

Бұдан бөлек, фестивальде бай америкалық музыка мәдениетімен Қазақстанға алғаш рет келген Dirtwirе ұжымы да таныстыратын болады.

Folk project Katya Yamschikova астаналықтарға орыс халқының музыкалық өнерін көрсетеді.

Теңдессіз Лаурита Пеленьютенің жетекшілігімен былтыр алматылық көрерменнің көзайымына айналған литвалық Marga Muzika ұжымы да алғаш рет Астана сахнасына шығады деп күтілуде.

Вокалдық және би өнерімен қазақстандықтарды тәнті еткен грузиялық GeoTRAIN ұжымы астаналық көрерменді жаңа бағдарламасымен қуантатын болады.

Фестиваль қонақтарының назарына ирландық Jiggy ұжымы мен венгерлік Kerekes Band тобының өнері ұсынылады.

Сондай-ақ, астаналықтартувиндік Khoomei Beat ұжымы өнерін тамашалап, башқұрттық курайдың үнін ести алады. Орындаушы: Роберт Юлдашев пен «Курайсы» тобы.

Белгілі бір себептерге байланысты «Бәйтерек» монументінің алаңына келе алмаған көрермендер үшін биыл тікелей эфирде онлайн хабар таратылады. Оны YouTube-тегі The Spirit of Tengri ресми арнасында көруге болады.

6, 7 және 8 шілдеде онлайн хабар тарату сағат 17:00-де басталады.