Басты бетЖаңалықтарБүгін Қазақстанның...

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты шілдеде ауа райы құбылмалы болады.

Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, Қарағанды облысында түнде және таң ата тұман түседі.

Павлодар облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысында таң ата, Қызылорда облысында күндіз бірқатар аймақтарда желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, шаңды дауыл көтерілуі де ықтимал.

Алматы, түнде және таң ата Ақмола облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді. Ақмола облысының ей жерлеріне тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата тұман түседі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында ыстық, кей жерлерді өте қатты ыстық болады. Атырау облысында да аптап ыстық болады. Ақтөбе облысында және Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде де қатты ыстық болады.

Маңғыстау, Атырау облыстары мен Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында ерекше қатты ыстық болады. Соған қарай өрт қаупі туындайды.