Кәрім Мәсімов: Қашағанда мұнай өндіру 2016 жылдың қазанында іске қосылуы тиіс

«Мұнай өндіру мәселесі бойынша — энергетика министріне және «ҚазМұнайГазға» тапсырма: сіздер мұнай өндіру көлемінің 74 млн жоспардан 75 млн тоннаға дейін арттыруды қамтамасыз етулеріңіз қажет. Осы тапсырмалар орындалуы үшін іс-шаралар өткізу керек», — деді Кәрім Мәсімов.
«Сондай-ақ жеке сіздің және «ҚазМұнайГаздың» алдында 2016 жылдың қазан айында Қашағанда мұнай өндіруді бастау туралы міндет тұр. Сондықтан, Консорциуммен бірге барлығын логикалық соңына жеткізіп, Қашағанды қазан айында іске қосу қажет», — деген тапсырма берді Премьер-Министр.
Сонымен қатар, аталған мәселе бойынша бірқатар тапсырмалар мұнай өңдеу зауыттарын жоспарлы жөндеу және жаңғырту мерзімдеріне, сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін энергия нысандарында отын қауіпсіздігі нормативтерін жасау туралы мәселеге қатысты болды.