Қазіргі күнде қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы ең көп шағым түскен 41 ПИК-тің жұмысын тексерген. Қызметтерін нашар көрсететіңдерге ескерту жасалған.
Ескертпелерді жоюына байланысты ескерту жасалған 10 компанияға ай басында қайтадан тексеріс жүргізілген. Олардың ішінде 7 қызмет көрсететін компания кемшіліктерді жойған. Олар «УК Коммунальник 2» ЖШС, ( Сейфуллин көш 10,14/3), «Коктем» ТК (Абай 21 даңғ), «Уют-2» ПИК (Московская көш 20), «Целинный железнодорожник» ПИК ( Желтоқсан көш 49), «Батыр КСВ» ЖШС(Бөгенбай батыра даңғ 30), «Микрорайон «Самал» ЖШС (Самал 3 шағын ауданы).
Ал алдында айтылған ескертпелерді жоймағаны үшін «Адал» ПИК (Республика даңғ. 29), «Тұрмыс» ЖШС-тің (187 көш, 18 үй) істері мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотта қаралып жатыр. Осындай ескертпені орындамағаны үшін«ОЗП «Сайран» ТК» (Кубрин көш. 20/1) айыппұл салынды.
Ең кен тараған заң бұзушылық тарифтерді өз беттерімен белгілеген түрі, тұрғын үй пәтер иелерінің алдында тоқсандық есеп жасамағаны; нысанның кондоминиумдік тіркеуі болмауы, эксплуатациялық шығындар үшін шығыстар сметасының болмауы, екінші деңгейлі банктегі ағымдағы шот пен жинақ болмауы. Сонымен катар жалпы жиындарда протоколдары дұрыс болмауы, төбе жабындысы, үйдің сыртққа келбеті, іскі инженерлік жүйе (су, жылу, электрожапдықтаумен қамтамасыз ету) т.б.
Еске сала кетейік, қызмет көрсетуші компаниялардың қызмет сапасын бақылау үшін қаламызда «е-КСК» жүйесі енгізілген. Бұл жүйе пәтер иелері алдында қызмет көрсетуші компания мен ПИК-дің қызмет көрсету сапасын, қаржы есептік шығының ашық қылады.
«е-КСК» арқылы үй еиесінің жеке кабинетін ашып ПИК көрсететін қызмет түрлеріне тапсырыс беруге болады.
«е-КСК» жүйесі арқылы ұялы телефоннан нақыт мекен жай бойынша ПИК қызметіне тапсырыс беруге болады, берген соң номер береді. Одан соң сіз тапсырыс туралы ақпарат алып отырасыз және «жеке кабинетте» ПИК-тен келген хабарламаларды көруге болады (Мысалы, қар шығаруға тапсрыс беру). Сонымен қатар, қаржылық есеп туралы ақпарат таратуға болады.
Ыңғайлы сервиске қосылу үшін, мынадай әрекеттерді орындау қажет:
- «е-КСК» мобильдіқосымшасынтелефонға жүктеп. Жүйеге тіркелу (БЕО (ЕРЦ) жеке шоты талап етіледі);
- Үйіңізді таңдаңыз;
- Егер үйіңізді таппасаңыз ПИК-тен үйді осы жүйеге қосуды талап етіңіз.
Мәтін үлгісі: «Құрметті аты жөніңіз! Мен (мекенжай) үйдің тұрғыны, сіздерден «е-КСК» жүйесіне қосылуды сұраймын»
Жүйеге қосатын компаниялардың байланысы:
- Алматы ауданы – SmartNet – 87054238877;
- Сарыарқа ауданы – ТОП ПИК – 87778230202;
- Есіл ауданы – ЦУРС – 87078897343;
- Байқоңыр ауданы – жоғарыда көрсетілген үш компания;
- Жүйеге қосылуды күту.
Егер ПИК түрлі себептер айтып жүйеге қосылғысы келмесе әр аудан әкімдігінде осы іске бекітілген қызметкерге хабарласыңыз:
- Алматы ауданы – 8 702 444 52 99;
- Сарыарқа ауданы – 8 701 527 98 99;
- Есіл ауданы – 8 771 411 71 11;
- Байқоңыр ауданы – 8 775 512 52 52.