ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, аталған жарыс 30 маусым күні өтеді.
Париждегі додаға үш қарғып секіру спортындағы атақты атлеттердің бәрі қатысады. Олардың арасында 2017 жылғы әлем чемпионы, венесуэлалық Юлимар Рохас бар. Рыпакова Шанхайдағы кезеңге қатыспай, жарыс жолын Ослода бастады. Аталған сында жерлесіміз алтыншы орыннан көрінген болатын.
Франция астанасына спорттың бұл түріндегі барлық фавориттер жиналды. Атап айтар болсақ, Олимпиада чемпионы Катрин Ибаргуэн, мамырда 14,84 метрге секірген америкалық Тори Франклин сынды спортшылар Рыпаковаға басты қарсылас болмақ.
Ослодағы «Гауһар Лигасы» кезеңінде колумбиялық Катрин Ибаргуэн жеңіске жетті.