«Қазақстанның солтүстік облыстарына ауысып келе жатқан циклонға байланысты елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ түсіп, күшті жел соғады. Республиканың орталық, шығыс және оңтүстік облыстарында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, екпінді жел соғып, жекелеген аудандарда бұршақ түсуі ықтимал. Ауа температурасы климаттық нормадан 1-3°С төмен болады», — деп хабарлады синоптиктер.
Тек батыста антициклонның ықпалы сақталып, күндіз ауа температурасы 35…42°С-қа дейін көтеріледі.