Атап айтқанда, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз және Өскемен қалаларында ауаның ластануы күтілмейді.
Ал Шымкент, Астана, Орал қалаларында атмосферада ластаушы заттар шоғырлануы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның жерге жақын орналасқан қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.