Алматыда балалар үйінің арасында футболдан чемпионат өтеді

Өтетін уақыты: 22 маусым 2018, сағ: 11:00

Өтетін орны: КазАТС стадионы, Алматы қ. Шевченко көшесі,110 (Масанчи көшесінің қиылысы)

Ұйымдастырушылар: «Baurzhan Foundation» жеке қоры, «Нұр Отан»партиясы, Қазақстанның футбол федерациясы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

Әлемдік үздік футбол клубтарымен кездесіп, танысу 6 жыл қатарынан балалар үйінің  тәрбиеленушілері үшін қол жетімді болып келеді.

Финалдық кезеңде 3 күн бойы 9 мықты команда өз шеберліктерімен, жеңіске деген ұмтылыстарын көрсете білді.

Чемпионаттың финалдық ойындары 2018 жылдың 22 маусымы сағат 11:00 де ең мықты 2 команданың қатысуымен Қазақ туризм және спорт академиясының алаңында (Шевченко көшесі,110-Масанчи көш.) өтеді.  Финалдың қонақтары ретінде балаларды қолдау мақсатында «Қайрат» футбол клубының ойыншылары, «Алатау» ФК, Абдулкарим Каримов, Әділжан Омаров, Қазақстан футбол федерациясының өкілдері арнайы келетін болады.

Чемпионат өткізіліп келе жатырған 6 жылдың ішінде 56 бала Еуропаның «Барселона», «Милан», «Бавария»,«Атлетико Мадрид», «Челси» футбол клубтарының  Месси, Робен, Хави, Роналдо сынды үздік футболшыларымен жеке кездесіп, танысқан еді.

Ұйымдастырушылардың басты мақсаты ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға дарындарын шыңдауға, алдағы уақытқа мақсат қоюға көмек бере отырып, Қазақстандық футболдың дамуына үлес қосу.