«Кейде ұйымның күн тәртібі болады, олар болашақта тарихта қалар іс жасайтын жас жігіттің бар екенін екерулері керек. Мүмкін олар не болып жатқанын түсінбейтін шығар. Бұрын Бернард Хопкинс біріккен чемпион болған кезде, бұл аса маңызды емес деп ойлап келді. Бүгінде біріккен чемпион болу — өте маңызды. Ұйымдар осыны ескеріп, кешіріммен қарауы керек деп ойлаймын. Мұндай жағдайларда бас белдік боксшыға құқық беруі керек», — деп пікірін білдірді Санчес.
Еске сала кетейік, Головкин IBF белдігіне үміткер Деревянченкомен кездесуге келіспегені үшін аталмыш белдігінен айырылған болатын. Содан кейін қазақстандық боксшының командасына «Канелоның» айтқан шарттарына көнуге тура келді.
Алайда мексикалық боксшының промоутері Оскар де ла Хойя Альварес-Головкин жекпе-жегін тек келер жылы 5 мамырда ұйымдастыруға болатынын айтып отыр.
Геннадий Головкиннің айырылып қалған IBF титулынан бөлек, WBA Super, WBC және IBO белдіктері бар.