Тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік батысында ғана күн ашық болады. Кей жерлерде бұршақ жауып, шаңды дауыл көтеріліп, тұман түсуі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 метрге жетіп, шаңды дауылға ұласады.
Алматы облысының бірқатар аймағында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз екпіні 23-28 метр болады. Таң ата және күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 метр болады. Бұршақ жауы ықтимал.
Қостанай облысында таң ата және күндіз жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 17-22 метр болады. Түнде тұман түсуі мүмкін.
Қарағанды облысының кей аймақтарында тұман түсіп, бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 метр болады.
Павлодар облысының бірқатар аймақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, күндіз күн күркірейді.
Қызылорда, күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда мен Атырау облысында шаңды дауыл көтеріледі.
Оңтүстік Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Маңғыстау облысында және Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында өрт қаупі туындайды.
Сондай-ақ, Астана қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
«Мамырдың 28-і күні Ақмола облысы аумағында солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с жетеді деп болжанып отыр. Түнде облыстың кейбір өңірлерінде ауа температурасы минус 3 градусқа дейін төмендесе, күндіз найзағай ойнап, дауыл, бұршақ болуы мүмкін. Cонымен қатар, Астана қаласында да түнде ауа температурасы минус 2 градусқа дейін төмендейді» делінген хабарламада.