Ерлан Аймұқашев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Ерлан Қапарұлы 1970 жылы 18 наурызда Павлодар қаласында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын және Павлодар университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік қызметте еңбек жолын 2000 жылы Павлодар облысы әкімі істері басқармасының хаттамалық іс-шаралармен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы қызметінен бастады. 2001 жылдың желтоқсанынан Павлодар облысының туризм және спорт департаментінің бастығы, кейін Павлодар облысы әкімінің көмекшісі міндетін атқарады. 4 жыл бойы Қазақстан Республикасы премьер-пинистрінің көмекшісі болды.

2012 жылдың наурызында Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым бойынша коллегиясы (Министр) мүшесі секретариатының басшысы лауазымына тағайындалды. 2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратын басқарды. Ал 2016-2017 жылдар аралығында Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарды.

ДереккөзBaq.kz