Промоутер таяу уақытта күзгі жекпе-жекке басқа боксшылармен келіссөздер жүргізуді бастауға ниетті екендігін айтты. Себебі, Головкин рингке мексикалықпен қайта шыққысы келмейді. GGG мен «Канело» рематчы 15 қыркүйекте өтуі мүмкін.
«Бізге Головкиннің «Канеломен» айқасқысы келмейтіні белгілі. Олар ұсынған барлық талаптардан кейін, «Канелоның» допинг-сынамасынан кейін, VADA бағдарламасына кіргеннен кейін және Невада Атлетикалық комиссиясының кездейсоқ өткізген тестілеуінен кейін GGG-дің қорқатыны анық. Біз одан әрі алға жылжып, Дэниэл Джейкобс, Билли Джо Сондерс, Джермалла Чарло және Гэри О’Салливанның адамдарына қоңырау шалуды бастаймыз», — деді де ла Хойя The Ring-ке берген сұхбатында.
Оскардың айтуынша, Головкиннің промоутері Том Леффлер оған GGG-дің «айқасқысы келмейтінін» айтқан.
«Томның бар айтқаны осы. Бірақ, олар қазір қолдарында бар шарттан басқасын алмайды», — деді ол.