Жазушы Дэн Бюттнер «Көк аймақ тәжірибеде: Қалай ұзақ өмір сүруге болады» кітабында ұзақ және бақытты өмір сүру жолын толығымен айтады. Құпиялардың бірі үнемі жаңа нәрсені үйрену және әркет ету.

Әртүрлі оқу жүйесін пайдаланыңыз

Көп уақытыңызды бір идеяны талқылауға немесе жаңа нәрсені үйренуге арнау өте маңызды. Алайда, сіз оқытудың әртүрлі әдістеріне жүгінуіңіз керек.

Егер сіз тек кітапты оқып жатсаңыз, миыңыз белгілі бір айналымда жұмыс істейді. Бұл сіздің жадыңыздың тезірек дамуына септігін тигізеді.

кітап
©aikyn.kz

Әр адамның өз оқу жүйесі бар. Күрделі жағдайларда біз қосалқы әдістерге сүйенеміз. Бірақ кейбір дүниелерден бас  тартып және одан аулақ боламыз.

Оларға мыналар жатады:

  •  Қиял: идеяларды ойлап табу
  •  Көрініс: өзіңіз ойлаған идеяларды жүзеге асыру
  •  Талдау: сіз зерттеп жатқан нәрсенің синтезі және идеялармен не істеу керектігі туралы стратегиялық жоспарлар жасау
  •  Шешім қабылдау: Сіздің идеяңызды ұстанатын бір жолды таңдау
  •  Әрекет: Сіздің идеяңызға жетуге көмектесетін әрекеттер
  •  Сынақ: әртүрлі бұрыштардан мәселенің шешімін қарастыру

Оқытудың қосымша әдістерін қараңыз, сонда сіздің миыңыз тез және жақсы жұмыс істейді.

Жаңа нәрсені үйрену үшін күніне 15-30 минут бөліңіз

Бала кезіңізде көзіңізге түскен затты сұрап, қорықпай ұстап, байқап көретінсіз. Дәл сол уақытта сіздің миыңыз даму үстінде болды. Өкінішке орай, уақыт өте келе адамдар жаңа әрекеттер мен тәжірибені тоқтатады. Себебі адам есейген сайын оның бойында үрей пайда болады. Бұл дұрыс емес. Күн сайын жаңа нәрсені үйренуге талпыныңыз. Мысалы:

Тілдер

Бұл мидың жұмысын жақсартуға арналған тәжірибенің бірі. Дегенмен, тек бір  ғана техникаға сүйеніп, тілдерді үйренуге болмайды. Мұны қалай жасауға болатыны туралы бірнеше кеңестер берілген:

  •  Тілдік қолданбалар
  •  Карталар
  •  Фильмдерді түпнұсқасымен қарау
  •  БАҚ-пен байланыс
  •  Шет тіліндегі музыканы тыңдау
  •  Түпнұсқадағы кітаптарды оқу
  •  Шетел мәдениетін зерттеу

Бұл кеңестерді тәжірибеде неғұрлым көп қолдансаңыз, соғұрлым нәтижесін көресіз. Күніне бөлінген 15-30 минут уақытыңызды барынша белсенді оқуға жұмсасаңыз, ойлау жүйеңіз кеңейеді.

Музыкалық аспаптар

Бұл миға өте пайдалы. Оқу процесін бейне ойындарға айналдыруға тырысыңыз. Мысалы, тапсырмаларды немесе мақсаттарды белгілі бір уақытта орындау керектігі жайлы миыңызға белгі беріп, алдыңызға кішігірім жоспарлар қойыңыз. Телефондағы қолданба арқылы фортепиано ойнауды үйреніңіз. Бұл көңілді және мазмұнды.

Пианино
farpost.ru

Жаңа нәрсені үйрену кезінде миыңыз қалай өзгереді

Біріншіден, оқыту жадты жақсартады. Ең үлкен энтузиасттер іс жүзінде фотографиялық жадты дамытады. Бұл нақты дәлелденген.

Екіншіден, кішігірім мақсаттарыңызды орындау кезінде жеткен жетістіктеріңіз, өзіңізге деген сенімділікті тудырады.

Үшіншіден, бір тақырыпты зерттеу сіздің өміріңіздің басқа салаларында шығармашылық серпілістерге ықпал етуі мүмкін. Тақырыпты толығымен жаңа әдіспен меңгеру арқылы ми сіздің қазіргі жұмысыңызға байланысты әртүрлі бірегей сілтемелерді шығарады. Бұл «жанама оқыту» деп аталады. Бұл ең тиімді құрал. Альберт Эйнштейн, Битлз және басқа да ғалымдар мен суретшілер ғылым мен шығармашылықта үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Мысалы, Альберт Эйнштейн уақыттың салыстырмалығын түсінген кезде патенттік кеңседе жұмыс істеді. Битлз шетел музыкасын зерттеді, ол кейіннен әкелер мен рок-н-ролдың аңыздары болды. Әлемдегі жетекші аспазшы Грант Акатс негізгі жұмысына шабыт табу үшін дерексіз өнерді зерттеді.

Нәтижелерді қалай жетілдіру керек

  • Күн сайын жаңа нәрсені үйреніңіз (музыкалық аспап, тіл, аспаздық, саяхат).
  • Сіз мұны тек қана көңіл көтеру үшін жасағаныңызға қарамастан, мақсаттар қойыңыз.
  • Оқу процесін ойынға айналдырыңыз. Мысалы, достарыңызбен жарыс ұйымдастыруға болады.
  • Аптасына кемінде бес рет осы кеңестерге 15-30 минутыңызды бөліңіз.
  • Жаттығу барысындағы әр 5 минут сайын фитнес үзіліс жасаңыз. Мысалы, үйде серуендеу немесе 50 рет отырып-тұру.
  • Көп мөлшерде су ішіңіз.
  • Әрдайым өзіңізбен ноутбук алып, барлық негізгі шығармашылық идеяларды жазыңыз. Олар сіздің негізгі қызмет салаңызға қатысты ма, жоқ па маңызды емес.
  • Жаңа дағдылар болашақта сізге қалай көмектесетінін ойлап көріңіз. Шығармашыл болыңыз. Мәселен, кімде-кім фортепианода қалай ойнауды үйренгісі келсе, фотографиялық есте сақтау мен шығармашылық ойлауды күшейту қажет. Музыка қиын мәселелермен күресуге және эмоцияларды көрсетуге көмектеседі. Сондай-ақ, бұл оның миына және шығармашыл дамуына әсер етеді.

Басқаша айтқанда, сіз өзіңізге жұмыс жасап жатқаныңызды түсінуіңіз қажет. Сонымен қатар, қызығушылықты жоғалтпау үшін және осы бағытта қозғалу үшін шағын мақсаттар қойып, оларға жету керек.

Әсер

Жаңа дүниені үйрену арқылы сіз өзгересіз. Күнделікті жаңа жоспарларыңызға 15-30 минут жұмсаңыз және мидың әртүрлі бағыттарын толығымен жаттықтырып, олардың мықтылығын арттырыңыз.

Осы әрекеттер арқылы сіз жоғары жетістіктерге қол жеткізген өмір салаларында дамисыз. Сіз өзіңізге және әлемге жаңаша көзқараспен қарай бастайсыз.

Басқаларға әсер ету

Өзіңіз өзгерген кезде ғана психология, биология, қоршаған орта және жақын адамдарыңыз өзгереді. Адамдармен әртүрлі қарым-қатынас жасай бастайсыз. Әрбір адаммен қарым-қатынаста сүйіспеншілікке мән бересіз және жауапты боласыз. Сіз достарыңыз бен отбасыңызды жақсы көре бастайсыз. Олардың қадірін біліп, бағалай бастайсыз.

Сіздің қиялыңыз кеңейіп, шектеулі ойлау тәсілдерінен арыласыз. Тағы да жанама оқытудың мәні — барлық нәрсеге креативті оймен қарай бастайсыз. Сондықтан, тәжірибе арқылы өмірдің басқа салаларында қолданылатын тәсілдерді қалай жақсартуға болатындығын түсінесіз. Сол себепті өз-өзіңіздің дамуыңызға бүгіннен бастап мән беріңіз!