Бүгін Дәурен Абаев ел алдында есеп беру жиынын өткізді

Ведомство басшысы өткен жылды қорытындылап, көптің көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Шара барысында телекөпір арқылы байланысқа шыққан облыс орталықтарынан да сұрақтар қойылды. Министрдің айтуынша, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар арнайы цифрлық желі сигналын қабылдайтын құрылғылармен қамтамасыз етілмек.

Еске сала кетейік, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 2021 жылға дейін ел аумағын ақысыз санды форматқа кезең-кезеңмен көшіру жобасы қолға алынды. Сондай-ақ кездесуде отандық телеарналардың қызметін әлеуметтік желілер арқылы тарату, интернет-ресурстардың дамуы мен ақпарат қауіпсіздік жөнінде де сөз болды.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

– Мемлекет басшысы БАҚ пен коммуникацияны дамыту бойынша нақты мақсаттар қойды. Қазір олар жоспар бойынша орындалып жатыр. Мемлекеттік сектордың ақпараттың жұмыс сапасы артты. Яғни ондаған тараудың орнына бірыңғай республикалық медиажоспар қабылданды. Осылайша атқарылып жатқан мемлекеттік реформалар арқылы халыққа тиімді ақпарат таратуға жол ашылды.

Дереккөз24.kz