3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің болжауынша, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Атырау, Талдықорған қалаларында қалыптасуы мүмкін.

Қостанай қаласындағы метеожағдайлар атмосферада ауаны ластайтын заттардың ыдырауына ықпал етеді.

Ал, Ақтау, Алматы, Астана, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл және Тараз қалаларында ауа сапасын ластаушы жайсыз метеорологиялық жағдайлар болмайды деп болжануда.